"Ордабасы" Өзбекстан құрамасы ойыншысын қатарына қосуы мүмкін

©

Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бобир Абдихоликов Шымкенттің "Ордабасы" командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Championat.Asia хабарлады. 

Шымкенттік клуб осы маусымға жоғары мақсат қойып отыр: чемпиондық атаққа талас және УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу. Бобир команда құрамын айтарлықтай күшейтеді деп күтілуде.

Бұған дейін өзбек шабуылшысына Еуропадағы "Хайдук", "Лехия" және "Дебрецен" клубтары да қызығушылық танытқан. 

Бобир Абдихоликов Беларусьтың "Энергетик-БГУ", Өзбекстанның "Насаф" командаларында ойнаған. Transfermarkt порталы ойыншының құнын  миллион еуроға бағалаған. 

Сондай-ақ, "Ордабасы" "Насаф" қорғаушысы Шерзод Насруллаевқа да қызығушылық танытуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: