"Ордабасы" Того құрамасының шабуылшысын қатарға қосады

©footballhd

Того құрамасының шабуылшысы Серж Ньюадзи "Ордабасы" клубына ауысады, деп жазады инсайдер Айдын Қожахмет.

Өткен жылы ойыншы Литваның "Судува" командасының намысын қорғады. Ол сонымен қатар, "Каспий" және "Тараз" сапында өнер көрсеткен.

Қазақстан чемпионатында өткізген екі маусымда Ньюадзи 41 матчта он гол соққан. 2021 жылдан бері Серж Того құрамасына шақырту алып келеді.

Еске салайық, 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының маусымы 5 наурызда басталады. Ал "Ордабасы" өз алаңында "Мақтааралды" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport