"Ордабасы" ҚПЛ қарсаңында Қазақстан құрамасының қорғаушысымен сапын күшейтті

Виктор Дмитренко. © "Тобыл" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Виктор Дмитренко шымкенттік "Ордабасы" командасына қосылды, - деп хабарлайды Transfermarkt.

28 жастағы футболшымен келісімшарт маусым аяғына дейін есептелген. Дмитренконың трансферлік құны 1,2 миллион еуро.

Еске салайық, футболшы өткен маусымды қостанайлық "Тобыл" сапында өткізген. 

2020 жылғы ҚПЛ-дің бірінші турында "Ордабасы" 7 наурыз Шымкентетегі өз алаңында көкшетаулық "Оқжетпесті" қабылдайды.