Футбол
11 шілде 11:23

"Ордабасы" Конференция лигасында тарихи көрсеткішке жетті

©"Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" еурокубоктарда ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта қазақстандық клуб қонақта кутаисилік "Торпедо" командасымен кездесіп, қарсылас қақпасына үш гол соқты. Ойын 4:3 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже - тарихи жетістік, себебі "Ордабасы" еурокубоктардағы сырт алаңда ешқашан бұған дейін екі голдан артық соқпаған.

Айта кету керек, бұл жетістікке шымкенттік команданың жаңа ойыншысы - румыниялық жартылай қорғаушы Михай Кэпэцанэ үлкен үлес қосты. Ол осы матчта дубль авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport