Шымкенттік "Ордабасы" Конференция лигасының екінші іріктеу раунды аясында польшалық "Легиямен" қарымта матч өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. Варшавада өткен кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
18-минутта Павел Вшолек есеп ашты, ал 42-минутта Юри Рибейру есеп артықшылығын арттырды.
Үзілістен кейін "Ордабасы" есеп айырмашылығын қысқартты, Всеволод Садовский (57). Алайда 71-минутта Томаш Пекхарт "Легияның" екі гол басымдығын қайтарып берді.
84-минутта "Ордабасы" қорғаушысы Сергей Малый есеп айырмашылығын тағы бір қысқартты, алайда одан кейін есепте өзгеріс болған жоқ.
Еске салайық, Шымкентте өткен бірінші матч 2:2 есебімен аяқталған болатын. Осылайша, "Легия" жалпы 5:4 есебімен жарысты ары қарай жалғастырады, ал "Ордабасы" Конференция лигасынан шығып қалды.