"Ордабасы" командасы Қазақстан чемпионатынан шығарылуы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясы жыл сайынғы кәсіпқой клубтарды сертификациядан өткізуде, деп жазады ұйымның ресми сайты.
Қазақстан футбол федерациясы жыл сайынғы кәсіпқой клубтарды сертификациядан өткізуде, деп жазады ұйымның ресми сайты.
Оның қорытындысы бойынша командалар ҚПЛ және Бірінші лигаға жолдама алады.
Командалар жолдамаға құқықтық, қаржылық, әкімшілік-кадрлық, спорттық және инфраструктуралық талаптарды орындаса ғана ие болады.
Футболдан Қазақстанның Суперкубогі кейінге шегерілді
"2022 жылдың 13 қаңтарындағы жағдай бойынша "Ордабасы" командасы сертификациядан өту процессін тоқтатты. Себебі команда қаржылық талаптарды толық орындай алмай отыр", - деп жазды ҚФФ.
Сертификация беру мерзімі 2022 жылдың ақпан айында аяқталады.
Жарнама