"Ордабасы" командасы жаңа капитан тағайындады

Еркебұлан Тұңғышбаев. Сурет: "Ордабасы" ФК

«Ордабасы» футбол клубы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевты команданың жаңа капитаны етіп сайлады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Команданың вице-капитандары болып Темірлан Ерланов пен Пабло Фонтанелло таңдалды.

26 жастағы шымкенттік футбол мектебінің тәрбиеленушісі Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 159 ойын өткізіп, 26 гол соққан. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 11 кездесуге қатысып, 1 гол салды.

Еркебұлан Тұңғышбаев Қазақстан чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері.

Метки: