"Ордабасы" клубының басшысы ауысты

©Астана ФК

Шымкенттік "Ордабасының" басшысы ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Команданы бірнеше жыл басқарған Бақтияр Байсейітовтың орнына Бауыржан Абдубайытов тағайындалды. "Ордабасы" ФК директорлар кеңесінің шешімі бойынша Абдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы Клуб Президенті лауазымын иеленді. Бауыржан Абдубайытов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Футбол Федерациясы Атқарушы комитетінің мүшесі. Қазақстан Футбол Федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы.
2002 жылдан бері "БИІК" компаниясының президенті болып табылады ("БИІК" футбол орталығы және "БИІК-Шымкент" ӘФК).
Шымкенттік әйелдер командасының президентімен "БИІК-Шымкент" еуропалық даңқты жарыс УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport