"Ордабасы" Қазақстан құрамасы қорғаушысымен қоштасқанын хабарлады

Сурет: "Ордабасы" ФК

Темірлан Ерланов және "Ордабасы" клубы арадағы келісімшартты екіжақты келісіммен үзді, деп хабарлайды шымкенттік команданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан құрамасының қорғаушысы бұл командада 2016-2019 жылдары және биылғы маусымда ойнады. Осы аралықта ол 98 матчке қатысып, 11 гол салды және үш нәтижелі пас берді. 

"Ордабасы" футбол клубы Темірланға бірге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, ары қарайғы карьерасына сәттілік тілейді", - делінген клуб хабарламасында. 

Еске салайық, мұның алдында Ерланов "Ақтөбе" сапына қосылатыны хабарланған. Футболшының өзі де "Ордабасымен" қоштасты.