Бүгін, 28 мамырда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында алты матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгінгі ойындар:
"Оқжетпес" — "Ақтөбе" (15:00)
"Қызылжар" — "Жетісу" (16:00)
"Атырау" — "Тобыл" (18:00)
"Жеңіс" — "Каспий" (19:00)
"Қайсар" — "Елімай" (19:00)
"Ордабасы" — "Қайрат" (20:00)
Матчтардың тікелей эфирін KFF LEAGUE YouTube-арнасынан көруге болады.
Сонымен қатар, "Қызылжар" — "Жетісу", "Атырау" — "Тобыл" және "Ордабасы" — "Қайрат" кездесулерін Qazsport телеарнасы да тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Айта кетейік, бұған дейін 12-турдың өзге матчтарында "Алтай" мен "Астана" 1:1 есебімен тең ойнаса, "Ертіс" пен "Ұлытау" кездесуі де дәл осындай нәтижемен аяқталған еді.
Жарнама