Футбол
Бүгін 09:22

"Ордабасы" камбэк жасап "Қайратты" ҚПЛ көшбасшылғынын ығыстырды

© "Ордабасы" ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 12-турындағы матчта шымкенттік "Ордабасы" өз алаңында алматылық "Қайратты" 2:1 есебімен ұтып, турнирлік кестедегі бірінші орыннан ығыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайраттың" жылдам бастамасы

Қонақтар кездесудегі есепті 14-минутта ашты. Португалиялық шабуылшы Жоржиньо шымкенттіктер қақпасы маңындағы мүмкіндігін сәтті пайдаланып, алматылық клубты алға шығарды.

Алайда "Қайрат" басымдығын сақтап қала алмады. "Ордабасы" біртіндеп ойын тізгінін өз қолына алып, үзіліске дейін таразы басын теңестірді.

Алаң иелерінің камбегі

26-минутта қорғаушы Ги-Марселин Килама шабуылға қосылып, дәл соққымен есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші тайм тартысты өтті. Ал жеңіс голын шымкенттіктер 64-минутта соқты. Шабуылшы Эльхан Астанов мергендік танытып, командасына аса маңызды үш ұпай сыйлады.

КПЛ-де жаңа көшбасшы

Осы жеңістен кейін "Ордабасы" 28 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Ал чемпионат көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік алған "Қайрат" 26 ұпаймен екінші орынға сырғыды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport