"Ордабасы" Испанияда ойнаған футболшыны сапына қосуы ықтимал

©Real Racing Club

Хорватиялық футболшы Бернардо Матич шымкенттік "Ордабасы" сапына өтуі мүмкін. Бұл туралы Kazakh_football_inside телеграм арнасы хабарлап отыр.

28 жастағы хавбек қазіргі таңда Хорватияның "Шибеник" клубында ойнайды. Сонымен бірге, ол испаниялық "Расинг", босниялық "Широки Бриег", хорватиялық "Загреб" пен "Юнак Синь" командаларында өнер көрсеткен.

Transfermarkt футболшыны 250 мың еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар