"Ордабасы" футболшысы "Оңтүстік" академиясына ауысты

©"Ордабасы" ФК

"Ордабасының" 21 жастағы қорғаушысы Аслудин Хаджиев командадан кетті.

Футболшы маусым соңына дейін "Оңтүстік" академиясында жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. Ойыншы Бірінші лиганың 13-турында "Яссымен" болған матчта жаңа клубындағы дебютін жасады.

Аслудин - Шымкент футболының түлегі. "Ордабасы" құрамында футболшы 2019 жылы дебют жасады.

Хаджиев осы маусымда 7 матч өткізіп, нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport