Шымкенттік "Ордабасы" Чемпиондар лигасы іріктеуінің қарымта матчін өткізді.
Кишиневте өткен кездесу 1:0 есебімен Молдова чемпионы "Петрокуб" клубының пайдасына аяқталды.
34-минутта жалғыз голды молдовалық жартылай қорғаушы Теодор Лунгу салды. Шымкентте өткен бірінші матч 0:0 есебімен аяқатлған болатын.
Осылайша, "Ордабасы" Конференция лигасына түсіп қалды, шымкенттік команда бұл турнирдің екінші іріктеу раундында "Клаксвик" (Фарер аралдары) – "Дифферданж" (Люксембург) матчінде ұтылған командамен ойнайды.