Оралдық клуб "Қайрат" ойыншысымен келісімшартты үзді

Сурет: "Ақжайық" ФК

Қазақстандық форвард Вячеслав Швырев "Ақжайық" сапынан кетті. Бұл туралы оралдық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Ақжайық" футболшыны жалға алу келісімшартын үзді, ойыншының негізгі келісімі "Қайратпен". 

Биылғы чемпионатта Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы оралдық команда үшін тоғыз ойын өткізіп, бір гол салды және бір ассист жасады. 

Еске салайық, 20 жастағы Швырев карьерасын 2018 жылы "Қайратта" бастаған. ҚПЛ деңгейінде ол 28 матчке қатысып, үш гол салды және екі нәтижелі пас берген.