"Оны ойлайтын уақыт жоқ". Хави Левандовскийдің "Барселонаға" келуі жайлы

©akhbarkora

"Барселона" бас бапкері Еуропа Лигасының ширек финалында "Айнтрахтпен" өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Роберт Левандовскидің командаға келуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы белгілі журналист Фабрицио Романо хабарлады.

"Роберт – өте мықты футболшы. Бірақ қазір оны ойлайтын уақыт жоқ. Біздің бар ойымыз – "Айнтрахт" болып отыр. Бұл мәселені кейінірек талқылай жатармыз", - деді Хави.

Еске салайық, 2014 жылдан бері "Баварияда" ойнап жүрген Левандовски жазғы трансферлік маусымда "Барселонаға" ауысуы мүмкін деген ақпараттар тараған. Осы уақыт аралығында Польша құрамасының шабуылшысы "Бавария" сапында 248 матчта 235 гол соққан. "Бавариямен" Германияның 7 дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2019/20 жылғы маусымда Чемпиондар Лигасын ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport