Оңтүстік Корея құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

2 желтоқсан 2022 23:15
©FIFA

Оңтүстік Корея құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әр-Райан қаласындағы "Эдюкейшн Сити" аренасында өткен үшінші тур кездесуінде сары құрлық өкілдері Португалиямен кездесті. Нәтижесінде 5-минутта Рикарду Орта есеп ашса, 27-минутта Ким Юнь Квон таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін кореялықтар көбіне қорғаныста ойнап, қарымта шабуылдарға көңіл бөлді. 91-минутта Сон Хын Мин жылдам қарымта шабуылға шығып, үш қорғаушының арасынан Хван Хи Чхванға әдемі пас шығарды. Ал "Вулверхэмптон" шабуылшысы жеңіс голының авторы атанды.

Осылайша, Н тобында 4 ұпаймен екінші орын алған кәрістер енді турнирдің 1/8 финалында Бразилиямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар