Оңтүстік дербиінде "Тараз" командасы "Ордабасыны" жеңді

©"Тараз" ФК

Бүгін, 10 наурыз күні футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры басталды. Екінші турдың алғашқы кездесуінде "Тараз" командасы өз алаңында "Ордабасыны" қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тараз қаласында өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесудегі жалғыз голды ойынның 20-минутында "Тараз" шабуылшысы Абылайхан Жұмабек соқты. 

Бұл жеңістен кейін "Тараз" командасында төрт ұпай болды. Ал "Ордабасы" командасының еншісінде бір ғана ұпай бар. 

Енді келесі турда "Тараз" 17 наурыз күні "Қайратқа" қарсы кездесу өткізсе, "Ордабасы" өз алаңында "Ақжайықты" қабылдайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport