Футбол
8 шілде 14:18

"Онсыз ПСЖ ұшып кетер еді". Мүлде күтпеген ойнышыны "Алтын допқа" ұсынып отыр

©instagram.com/ballondorofficial

ПСЖ және Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманың агенті Винченцо Райола футболшыны "Алтын допқа" лайық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, Джанлуиджи Доннарумма "Алтын допқа" әбден лайық.

Усман Дембеле команданың нәтижесіне голдарымен үлкен үлес қосты, бірақ Джанлуиджидің "Ливерпульге", "Астон Виллаға" және "Арсеналға" қарсы ойындардағы сейвтері болмағанда, ПСЖ ешқашан Чемпиондар лигасын жеңбес еді.

Біз үмітпен қараймыз. ПСЖ - керемет клуб.

Келіңіздер, осы маусымның соңына дейін күтейік. Алда – тарихи маусымның шарықтау шегі. Кейін келісімге келуге тырысамыз", - деп береді La Gazzetta dello Sport Райоланың сөзін.

Еске салайық, ПСЖ 2025 жылдың көктемінде Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, ал Доннарумма париждік клубтың жетістігінде шешуші рөл атқарды.

Айта кетейік, "Алтын доптың" қазіргі иегері - Испания құрамасы мен ағылшындық "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Родри.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport