"Оңдырмай боқтады". "Ақтөбенің" бапкері "Атыраумен" ойындағы жағдайға түсінік берді
"Ақтөбе" командасының жаңа бапкері Вахид Масудов 15-ші турдағы "Атыраумен" ойында Дидар Жалмұқанға айқайлағанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ақтөбе" командасының жаңа бапкері Вахид Масудов 15-ші турдағы "Атыраумен" ойында Дидар Жалмұқанға айқайлағанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нақты айтқанда Масудов футболда жиі кездесетіндей, команда ойынын боқтық сөз қосып басқарды. Ал осы бір ыңғайсыз сәт трансляцияға түсіп қалған.
"Қазір сөйлеу қиындау. Біреу осы сәтті түсіріп алып, желіге салып жіберіпті. Бәрінен бұрын өзім үшін ұяламын. Дидар Жалмұқанның туыстары мен жақындары алдында кешірім сұраймын. Өйткені ол менде Қазақстан жастар құрамасында ойнаған кезден әкесін танимын. Ең қорқыныштысы, олай ойламайсың, бірақ, солай айтып қойғаның. Ол мені адам ретінде түсінсін. Әрине ересек адаммын, кез келген уақытта эмоцияға берілмей, өзімді салмақты ұстауым керек. Ересек буынға, жастарға да жаман үлгі болғым келмейді", - дейді бапкер.
Ойынның өзі 1:0 есебімен "Ақтөбенің" жеңісімен аяқталды.
Жарнама