"Онда Мессиді алыңдар". Украиналық футболшы қазақстандық клубты кекетті

Сурет: Football.ua
Львовтық "Рух" командасының қорғаушысы Ярослав Мартынюк қарағандылық "Шахтердегі" бақылау ойындарын есіне түсірді. Футболшынң сөзін украиналық клубтың баспасөз қызметі келтіріп отыр. 

"Қатты бір ыңғайсыз жағдайға қалып көрмеппін. "Карпаттан" кейін басымнан өткен бір оқиға болдаы, қарағандылық "Шахтердің" Түркиядағы жиынына бардым, екі ойын өткізіп, бір гол салдым да, өтіп тұрғаныма сенімді болдым. Командадағы жігіттер де жақсы футболшы келді деп қауқылдасып жүрді.  

Одан кейін маған айтқандары: "Бұл позицияға мықтырақ ойыншы қарастырып жатырмыз". Мессиді алсаңдаршы дедім де, кетіп қалдым", -  дейді Мартынюк.

Еске салайық, Мартынюк "Шахтердің" бақылау ойындарына 2015 жылы қыста қатысқан, бірақ, келісімшарт жасалмады. Осыдан кейін ол солигорлық "Шахтер" сапына қосылды.