Футбол
17 сәуір 2020 16:03

"Онда қазір ісім жоқ". Аршавин Қазақстан туралы

Сурет: "Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" пен Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин РИА Новости порталына берген сұхбатында карьерасын аяқтаған соң неге Қазақстанда қалмағанын айтты. 

Алматылық команда сапында ресейлік ойыншы 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін ойнап, барлық турнирдегі 108 матчте 30 гол салды және 37 нәтижелі пас берді. "Қайрат" сапында Аршавин үш рет ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын ұтқан.

"Маған өзімнің туған қалам, Санкт-Петербургте өмір сүрген оңай. Қазақстаннан гөрі маған Ресейде сұраныс жоғарылау сияқты. Дегенмен "Қайратта" өткізген үш жылда өзімнің ойыным, қарым-қатынасыммен қазақстандық жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөлендім. Бір күндері Қазақстанға оралғаныма шаттанған болармын, Алматыға да қуана-қуана барып тұрамын, бірақ, қазір онда істейтін ісім жоқ", - дейді Аршавин.

Еске салайық, 2018 жылдың соңында Аршавин карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Қазір 38 жастағы бұрыңғы футболшы телевидениеде сарапшы және "Зенит" академиясында бапкер.