Оңбай ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалған "Қайрат" мәлімдеме жасады

Сурет: "Црвена Звезда" ФК

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі сәтсіз ойынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мұнымен біткен жоқ, Еуропа лигасына бұдан күшті болып барамыз", - делінген команданың Instagram желісінде.

Еске салайық, ЧЛ іріктеуінің Белградта өткен қарымта кездесуінде алаң иелері 5:0 есебімен ұтты. Осылайша, қос ойын қорытындысы бойынша (6:2) келесі кезеңеге "Црвена Звезда" өтті. Ал "Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің үшінші раундына жолдама алып, "Алашкертпен" ойнайды. Армениялық команда да ЧЛ іріктеуінде молдовалық "Шерифтен" ұтылды. 

"Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы бірінші матч 5 тамыз Алматыда, ал қарымта - 12 тамыз Ереванда өтеді.

Осы текетіресте алматылық клуб ұтса, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтеді, ал ұтылса - Конференция лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport