"Реал" клубының жартылай қорғаушысы Арда Гюлер алматылық "Қайратпен" өткен матчтан кейінгі сапардан естелік сурет жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясындағы бұл кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті. Матч 5:0 есебімен испаниялық клубтың ірі жеңісімен аяқталды.
Жарияланған суретте Арда Гюлердің өзі және ұшақта ұйықтап жатқан Килиан Мбаппе.
Айта кетейік, дәл осы ойында Мбаппе "Қайрат" қақпасына хет-трик жасады.
"Қазақстанға сапар оңай болмады, бауырым", - деп пікір қалдырды Мбаппе түрік ойыншысының фотосының астына.