"Өміріме қауіп төнді". "Ливерпуль" қорғаушысы мұралық құжатқа қол қойғаны жайлы

Сурет: Soccernews.ru
Англиялық "Ливерпуль" мен Нидерланды құрамасының қорғаушысы Вирджил ван Дейк 20 жасында мұрагерлік жазғанын айтты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Футболшы мұны соқыршекпен ауруханаға түскенде жасағанын айтады. Ван Дейк ауруханада 13 күн жатқанын нақтылады. 

"Өміріме қауіп төніп тұрды. Анаммен дұға етіп, ары қарай не болуы мүмкін екенін ойлап көрдік. Мен мұралық іспеттес кейбір құжаттарға қол қоюым керек болды", - дейді ойыншы. 

Ван Дейк "Ливерпуль" сапына 2018 жылы қыста өткен. АПЛ-дің биылғы маусымында ол 29 матчте төрт гол салды. Сонымен қатар, 28 жастағы футболшы Голландия құрамасы үшін 33 ойында да төрт гол соққан.