auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Өмір бойына футболдан шеттетілуі мүмкін". Допинг маманы Валиуллиннің жағдайы жайлы

"Өмір бойына футболдан шеттетілуі мүмкін". Допинг маманы Валиуллиннің жағдайы жайлы
©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин толық ақталып шығуы да мүмкін немесе спорттық карьерасын аяқтауы ықтимал. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстан ұлттық антидопинг орталығының жетекшісі Майра Бакашева айтты. Ол футболшының карьерасын құтқарып қалуға болатынын және бұл жағдайдың алдын қалай алуға болатыны туралы ойымен бөлісті. 

- Мен бұл жағдайды тек ғаламтордан ғана оқыдым. Антидопинг орталығына әлі УЕФА-дан хабар келмеді. Маман ретінде менің пікірім мынадай. Бұл жоғары деңгейдегі спортшы. Ол ауыратлет, балуан және басқа спортшылар секілді ережені білуі керек еді. Бірақ ол қандай дәрмек қабылдап жатқанын білмеді. Дегенмен бұл жағдай оны ақтап алмайды. Яғни, оны ешкім кешіре салмайды. Ол ұлттық құраманың өкілі. Сол үшін де жазадан қашып құтыла алмайды. 

- Валиуллин қандай жазаға тартылуы мүмкін?

- Өкінішке қарай, мен қазір бұл спортшыдан қандай дәрумен табылғанын білмеймін. Жаза мерзімі де дәруменге байланысты шығарылады. Негізі орташа жаза - төрт жыл. Мысалы, Бауыржан Исламханның мәселесі ерекше болды. Ол қосымша күш беретін дәрумек қолданды деп айыпталды. Бізде қолдануға рұқсат етілмеген допинг тізімі бар. Алайда ол дәрмектердің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Егер спортшы бұл жағдайда өзінің кінәлі емес екенін, өзінің бей-жай қарамайтынын дәлелдесе - санкциядан аман қалатын шығар. Одан бөлек, футболшының кінәсі кішкентай болса жаза мерзімі де қысқартылады. Көп нәрсе допинг қызметкерлері алған мәліметтерге байланысты. Мүмкін бұл спортшыда мұндай дәруменді қолдану дәрігерден рұқсат бар шығар. Немесе ол кінәлі емес болуы ғажап емес. Енді барлығы қорғаушыларға (адвокатқа) тікелей байланысты болады. Кері жағдайда ол өмір бойына спорттан шеттеледі. 

- Қазақстан құрамасының футболшысы осымен екінші рет допингпен ұсталды. Неге бұлай болып жатыр?

- Біз негізі бұл мәселені Исламханның шеттелгеніне дейін айтқан едік. Футбол - допинг ең көп табылатын спорт түрі. Біздің футбол шенеуніктері футболдың таза спорт екенін айтып ақталады. Бірақ футболшылардан допинг-сынама сирек алынады. Тек жарыстарда ғана. Әрине, бұл жерде допингпен ұсталған спортшылардың саны допинг-сынаманың қаншалықты жиі алуына байланысты. Футболдағы допинг дауы - бұрыннан бері келе жатқан мәселе. Ал Исламханның жағдайы бұл мәселеге назар аударта ма деген ой болды. Дегенмен жағдай мүлде өзгермеді. Бізде бірге жұмыс істеу туралы меморандум бар. Өкінішке қарай, біз сол құжатқа қол қайғаннан кейін ары қарай бірге жұмыс істемедік. Сөйтіп осындай жағдайға қайта тап болып отырмыз. 

Еске салайық, Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуінде Украинаға қарсы ойнап, екі гол соққан еді. Ал кейін Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады. Кеше қорғаушының допингпен ұсталғаны анықталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама