"Омонияның" бас бапкері "Қайратпен" тең ойынға қатысты пікір білдірді

17 қыркүйек 2021 08:56
©Football.ua

Кипрлік "Омонияның" бас бапкері Хенинг Берг Конференция лигасы топтық кезеңіндегі бірінші матчте "Қайратпен" тең ойын жақсы көрсеткіш деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ойын жақсы өтті. Қорғаныста жағдайды бақылауда ұстадық, шабуылда да мүмкіндіктер болды. Гол салғанда тамаша болар еді. Бұл жеңіске жетуде келесі қадам болады. Ойыншылардың нәтижесі мен төккен теріне ризамыз. 

Жанкүерлеріміздің трибунада болғаны қуантады. Олар күш, адреналин және сенімділік береді. Алдағы матчте мұнан жақсы көрсеткішке үмітіміз бар. Мүмкін ол ойында көрермендердің 70 пайызы болады. 

Ойынға толықтай көңілім толды дей алмаймын. Бірақ бұл жақсы көрсеткіш. Сапымызда міндетін жақсы орындаған жаңа ойыншылар болды", - дейді Берг. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport