Өліміне қатысты сұрақтар көп. "Вильярреалдың" экс-футболшысын өзеннен алып шықты

Сурет: Football24.ua

"Вильярреал" командасының экс-футболшысы Франко Акоста өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметті футбол клубындағылар растады.

Еске салайық, футболшы 6 наурызда Канелонес департаментінде өзеннен өту кезінде жоғалып кеткен. Акостаның ағасы судан шыға алғаны, ал футболшы хабар-ошарсыз кеткені айтылады. Оны іздеуге сүңгуірлер мен құтқарушылар кіріскен. Спортшы өзеннен қандай жолмен өткісі келгені және не үшін өткісі келгені нақтыланбайды.

Акоста - уругвайлық "Феникстің" түлегі, 2013 жылы дебют жасаған. 2015 жылы ол "Вильярреалдың" екінші командасына ауысты, негізгі команданың құрамында ол ешқашан ойнамады. Былтырдан бастап Акоста Уругвайдың екінші дивизионынан "Атенас" клубының атынан ойнап келген.

Жаңалықтар