"Қызыл-Жар" бапкері Али Алиев Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі АПОЭЛ-мен бірінші матчке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Никосияда өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
"Бүгінгі ойын үшін командаларға алғыс білдіремін. Жанкүйерлерге де, бұл жолы да футбол атмосферасын көрсетті!
Кешегі баспасөз жиынында АПОЭЛ командасында құрамада ойнайтын мықты ойыншылар жиналғанын айтқанмын. Ойын олардың ерекше дәрежесін көрсетті. Өзіміздің стратегия болды. Екінші ойынға мүмкіндік қалдыру керек едік.
Келесі ойында екі командада да мүмкіндік бар. Бәрі болуы мүмкін. Бір аптадан кейін қалай ойнайтынымзды қазір айта алмаймын.
АПОЭЛ өз алаңында агрессив ойнады. Бұл жекелей мықты ойыншылардан құралған команда. Сонықтан олардың алаңында ашық футбол ойнау өліммен тең", - деп береді Алиевтің сөзін баспасөз қызметі.
Еске салайық, қарымта ойын 11 тамыз "Астана Аренада" өтеді. Егер "Қызыл-Жар" плей-офф раундына өтсе, ол кезеңде "Сфынтул Георге" (Румыния) - "Юргорден" (Швеция) жұбының жеңімпазымен ойнайды.