Олжас Керімжанов Қазақстан құрамасына шақырту алмады

Сурет: ҚФФ

Түркістандық "Тұран" командасының қорғаушысы Олжас Керімжанов Қазақстан ұлттық құрамсына шақырту алған жоқ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

32 жастағы футболшы кеше Украина құрамасына қарсы кездесуде "Астана-Арена" стадионында болды. Бүгін бірнеше басылым Керімжановты коронавирус жұқтырып алған Абзал Бейсебековтің орынан шақыртылды деп жазды. 

Бірақ бізге жеткен ақпарат бойынша, бұл қорғаушы құрамаға шақырту алмады. Ол бабында емес екен. Сондықтан Талғат Байсуфинов оны шақырмаған. 

Ал Дмитрий Непогодов бүгін құрамамен бірге Финлияндияға ұшады. Ол алдағы ойыннан шеттетілген Стас Покатиловтың орнын басады. 

Сондай-ақ алдағы ойындарға Әлібек Қасым тізімге қосылды. 

Айта кетейік, 2020 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан сырт алаңда екі кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ, 4 шілде күні Талғат Маруаұлының тәлімгерлері Финлияндиямен ойнаса, 7 қыркүйек күні Босния және Герцоговина құрамасына қарсы матч өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: