auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Олжас Абраев Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды

Олжас Абраев Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды
©КҚФЛ

Ақтөбе футбол федерациясы Қазақстан футбол федерациясының өткелі тұрған конференциясына қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынды. Аталмыш іс-шарада федерацияның жаңа Президенті таңдалады.

Соңғы күндері мансабын аяқтаған бірқатар футболшылар футбол федерациясын басқаруға ниет білдірді. Өз кезегінде Ақтөбе өңірлік федерациясы спорт саласында мол тәжірибесі мен тамаша түйіндемесі бар адам осындай деңгейдегі лауазымды атқаруы тиіс деп есептейді. Мамандардың пікірінше, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының қазіргі президенті Олжас Абраев — лайықты үміткер.

 Ұйым атап өткендей, Абраев кәсіпқойлығы жоғары маман, ол адамгершіліктің нағыз үлгісі болып табылады. Олжас Шәкенұлы қоғамға футболдағы сәтті стратегиялық жобалар және пандемия кезеңіндегі дағдарысқа қарсы тамаша шешімдерімен танымал менеджер. Абраевтың жеке қатысуымен кәсіби футболға маңызды коммерциялық серіктес келді. Аталмыш серіктес арқасында отандық клубтар ел кубогындағы жеңістер мен Қазақстан чемпионатына қатысқаны үшін арнайы ақшалай жүлде қорына ие болды, сондай-ақ, бұл мекеме Қазақстан құрамаларына да қаржылық қолдау көрсетеді. Маңызды демеушілік келісімшарттың арқасында Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты.

Абраевтың командасы Қазақстанда VAR (төрешілерге бейне көмек жүйесін) енгізіп, FIFA-ны (халықаралық футбол федерациясы) Қазақстанның Еуропа мен басқа континенттердің тек топ чемпионаттарында ғана қолданылатын VAR жобасының барлық ұсынылатын жоғары деңгейілі техникалық талаптарына іс жүзінде сәйкес келетінін дәлелдеді. FIFA-дан лицензия алу фактісі сәтті жүргізілген жұмыстың нақты дәлелі болып табылады. 

Бұдан басқа, Абраевтың басшылығымен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) коммерциялық құқықтардан табыс табу үшін халықаралық серіктестермен келісімдерге қол жеткізді. Енді шетелдік көрермендер Қазақстан чемпионатының барлық ойындарын Eleven Sport және One Football халықаралық платформалары арқылы көре алады, ал отандық футбол клубтары бұдан табыс таба алатын болады. Спортты коммерцияландыру саласында Абраевтың басшылығымен ҚКФЛ жобалары еліміздің басқа федерациялары және лигаларымен салыстырғанда озық және пайдалы болып табылады.

 Олжас Абраевтың бастамасымен ұсыныстарының арқасында Қазақстан футбол федерациясы отандық чемпионатқа оң әсер етіп, кәсіби клубтардың бюджетін үнемдеуге мүмкіндік берген бірқатар маңызды шешімдерді қабылдады:

- "Қазақстандық футбол түлегі" ережесі енгізілді. Бұл шешімнің арқасында легионерлерге лимитті айналып өту үшін ғана өзге елдердің ойыншыларымен қазақстандық паспорттарды жаппай алу мәселесі түбегейлі жойылды.

- ЕАЭО елдерінің футбол федерациялары және лигаларымен бірыңғай еңбек нарығын өзара тану туралы меморандум жасалды, бұл біздің ойыншыларымызға Ресей премьер-лигасында "легионер" атанбауға жол ашты және де Қазақстан чемпионатында отандық футболшылардың шеберлігінің өсуі үшін бәсекелестік ортаны құрды. Бұл шешімнің сәтті мысалы — мәскеулік ЦСКА-дағы Бақтиёр Зайнутдиновтың мансабы. Ал қазіргі таңда Ресей чемпионы "Зенит" ФК құрамында Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Нұралы Әліп жаттығуда. Бұның бәрі аталмыш меморандум аясында отандық футболшылардың Ресейде легионерлер болып саналмауының арқасында мүмкін болды.

Ақтөбе өңірлік федерациясының мәлімдемесінде атап өтілгендей, Абраев футболда мінсіз беделге ие, сонымен қатар, Қазақстан футболының ішінде де, Еуропалық федерациялармен қарым-қатынастарда да үлкен тәжірибеге ие. Олжас Шакенұлының қатысуымен ҚКФЛ Еуропаның жетекші чемпионаттары – Ағылшын Премьер-лигасы, Испан Ла лигасы, Бундеслига және басқа да үздік чемпионаттар кіретін еуропалық кәсіби лигалардан тұратын үлкен отбасының мүшесі атанды. ЕПФЛ-ға мүшеліктің арқасында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы IMG, Genius Sports, Sportradar, Perform сияқты ірі спорт компанияларымен қарым-қатынас жасап, ағымдағы инвестицияларға қол жеткізуде.

 Олжас Абраев 19 жасынан бастап футбол саласында қызметте. Ол Алматы қаласының футбол федерациясының қарапайым менеджерінен бастап, кәсіпқой лиганың жетекшісіне дейін көптеген кезеңдерден өткендігі де маңызды. Ол өңірлердегі мәселелерден хабардар және футболды дамыту жолдарын біледі, футбол клубы мен футзалда жұмыс тәжірибесі бар. Мамандардың пікірінше, оның спорттық мансабы, табысты жобалары мен кәсіби мамандар командасы қазақстандық футболға пайда әкеледі.

"Жан-жақты жаңару көрінісі аясында Абраев шын мәнінде отандық футболға қиын жағдайдан шығуға және мемлекеттік бюджетке қаржылық жүктемені жеңілдетуге көмектеседі", - деп қорытындылады ұйым.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама