Норвегиялық "Викинг" пен мюнхендік "Бавария" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда тартысты матч өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ставангер қаласында өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Бірінші таймнан кейін алаң иелері 2:0 есебімен алда тұрған. Алайда екінші таймда қонақтар үш гол соқты. Дегенмен, "Бавария" жеңісті жұлып ала алмады: норвегиялық команда матч аяқталар сәтте есепті теңестіріп кетті.
"Викинг" сапында Джанни Стенснесс (2-минут), Петер Кристиансен (38-минут) және Херман Хейген (90-минут) гол соқты. Ал "Бавария" құрамында Харри Кейн дубль жасады (54-минутта пенальтиден және 60-минутта). Тағы бір голды Луис Диас (71-минут) соқты.
Сонымен қатар, 74-минутта Майкл Олисенің алаңнан қуылуына байланысты неміс клубы матчты он ойыншымен жалғастыруға мәжбүр болды.
Төрт ұпай жинаған "Бавария" турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ал "Викинг" бір ұпаймен 26-сатыға жайғасқан.
Чемпиондар лигасының келесі турында "Бавария" өз алаңында "Арсеналмен", ал "Викинг" сырт алаңда "Астон Вилламен" кездеседі. Екі матч та 21 қазанда өтеді.
Жарнама