Олимпиадаға баратын неміс құрамасы аниме стилінде таныстырылды

сурет: dw

Футболдан Германия құрамасы Токио Олимпиадасына баратын спортшылар тізімін жасады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бір қызығы Германия футбол одағының ресми твиттер-парақшасында ойыншылар аниме стилінде таныстырылған.

Қақпашылар: Флориан Мюллер («Штутгарт»), Лука Плогманн («Вердер»), Свенд Бродерсен (клубсыз).

Қорғаушылар: Бенджамин Хенрикс («Лейпциг»), Йоша Фагноман («Гамбург»), Амос Пайпер («Арминия»), Феликс Удуокхай «(Аугсбург»), Джордан Торунарига («Герта»), Давид Раум («Хоффенхайм»).

Жартылай қорғаушылар: Максимилиан Арнольд («Вольфсбург»), Арне Майер («Герта»), Антон Стак («Гройтер-Фюр»), Никлас Дорщ («Гент», Бельгия), Марко Рихтер («Аугсбург»), Исмаэль Якобс («Кельн»), Эдуард Левен («Бохум»).

Шабуылшылар: Макс Крузе («Унион»), Седрик Тойхерт («Унион»), Надием Амири («Байер»).

Күншығыс еліндегі Олимпиада ойындары шілденің 23-і мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Метки: