"Оле Бразилдің" қазақстандық тәлімгері шетелдік клубтан кетті

6 желтоқсан 2021 09:54
©Торпедо" ФК. Магомед Парагульгов (сол жақта)

Қазақстандық футболшы Магомед Парагульгов "Торпедо" (Кутаиси) сапынан кетті. Бұл туралы грузиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар келісімшартты екі жақты мақұлдаумен үзген екен. Бұл команда үшін 27 жастағы жартылай қорғаушы тек сегіз матч өткізіпті.

Футболшы бұл клубқа жазда қосылған. Ал Қазақстанда ол "Ақжайық", "Қайсар", "Ертіс", "Спартак" (Семей), "Қайрат" сапында өнер көрсеткен.

Сонымен қоса, ол ұлттық командаға да шақыртылған. Парагульгов "Оле Бразил" тәлімгері және Бельгияда футбол бойынша білім алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар