"Олар бабында". "Црвена Звезда" бапкері "Қайратпен" Чемпиондар лигасындағы ойынға қатысты

Сурет: "Црвена Звезда" ФК

Сербиялық "Црвена Звезда" командасының бас бапкері Деян Станкович Чемпиондар лигасындағы алматылық "Қайратпен" болатын ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар турнирдің екінші іріктеу раундында кездеседі. Бірінші матч 21 шілдеде Алматыда, ал қарымта - 28 шілдеде Белградта болады.

"Олар ("Қайрат") бірбеткей ойнайды, бірақ, меніңше "Маккаби" - талантты әрі үздік команда. Дегенмен олар Чемпиондар лигасын жолдастық кездесулерсіз бастап, жарыс ырғағындағы айырмашылық бірден байқалды. "Қайрат" қате жіберсе де, оны түзей алды. Қазіргі таңда олар 22 ойын өткізген, бабында тұр, бұл біз үшін қиындық тудыруы мүмкін. Егер олар "Маккабимен" он ойыннан кейін кездескенде, бәрі басқаша болар еді. Міне "Қайрат" осылай ұта алды. Олар екі шабуылшымен ойнайды, қорғаныстан шабуылға жақсы ауысады және жартылай қорғаушы сияқты ойнайтын Вагнер Лав сияқты мықты футболшылары бар", - деп береді Станковичтің сөзін клубтың ресми сайты.  

Жаңалықтар