"Зенит" қорғаушысы Нұралы Әліп "РБ Спорт" сайтына берген сұқбатында Магомед Адиевтің Қазақстан құрамасындағы жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының дивизионында жеңімпаз атануы мүмкін.
Ресейлік маман құраманы мамырдан бастап жаттықтыруда.
"Бұған дейінгі жаттықтырушылар туралы еш жаман нәрсе айтқым келмейді. Бірақ Адиевтің энергетикасы басқаша. Жігіттер рухтанып, басқаша бола бастады. Адиев – жақсы психолог, мотиватор. Ол Кавказдан ғой, мұсылман. Меніңше бұл да рөл ойнады. Ол бізді түсінеді. Оның үстіне қарсыластар бізді жеңеміз деп сенімді болды. Адиев болса барлығы алаңда шешілетінін айтып, сабырға шақырды" - дейді Әліп.