Футбол
9 шілде 2020 13:39

"Ол күн де алыс емес". Бауыржан Исламхан Ла Лигада ойнау арманы туралы

Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Бауыржан Исламхан Испания чемпионатында ойнауды армандайтынын мойындады. 

Журналист Алуа Хасеноваға берген сұхбатында футболшы Ла Лигаға ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

- Қай елдің чемпионатында ойнауды армандайсыз?

- Испанияны армандағанмын. Ол жерде футбол техника жағынан мықты. Сосын онда менің сүйікті футболшым - Андрес Иньеста ойнаған. Сол жерге барғым келген. Бұл менің шынайы арманым еді. Бұл күн де алыс емес деп ойлаймын. Мүмкін қолдан келер. Кім біледі? Өмірде күтпеген жағдайлар да болады ғой. 

Еске салайық, 1 шілдеде "Аль-Айнмен" келісімшарт аяқталып, Исламхан еркін агент болып отыр. БАӘ чемпионатында қазақстандық футболшы он ойынға қатысып, бір гол салды және үш нәтижелі пас берді.