"Ол кеткенде сенімділігім артты". "Алтын допты" иеленген Бензема Роналду жайлы

©сhelseablues

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема Франция астанасы Парижде "Алтын допты" жылдың үздік ойыншысына табыстау кезінде ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Ойыншы карьерасында тұңғыш рет аталмыш номинацияда жеңіске жетті. 

"Біз Роналду екеуміз 2009-2018 жылдары бір клубта ойнадық. Ол өте талантты футболшы. Алайда Криштиану "Реалдан" кеткен кезде өзіме деген сенімділігім артты. Алаңда еркін сезіне бастадым. Мықты шабуылшы ретінде қалыптастым", - дейді Бензема.

Еске салайық, Карим Бензема өткен маусымның нәтижесі бойынша үздік деп танылып, "Алтын доп" номинациясында жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport