"Ол қалады!". "Қайрат" Вагнер Лавпен келісімшарт ұзартқанын хабарлады

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" ФК бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавпен жаңа келісімшарт жасағаннын жария етті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа келісім мерзімі айтылмады. Мұның алдында футболшыға тағы бір жылға келісімшарт ұсынынлғаны хабарланған еді.

"Ол қалады! "Қайрат" пен бразилиялық форвард Вагнер Лав еңбек келісімшартын ұзартты", - деп жазыпты алматылық клуб әлеуметтік желіде.