"Ол әлі бабында екен". Ресейлік басылым Вагнер Лав жайлы

©сурет: Қайрат фк

Ресейде "Қайрат" футболшысы Вагнер Лавтың ойынына әлі күнге дейін тамсанып келеді. ЦСКА клубының экс-ойыншысы турасында "Совесткий спорт" басылымы бразилиялық аяқдопшы туралы жақсы пікір қалдырған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қазақстандық "Қайрат" Конференция лигасының плей-офф раундындағы алғашқы матчте Люксембургтің "Фоласын" сырт алаңда 4:1 есебімен сенімді жеңді. Бір жыл бұрын ЦСКА-ға керек болмай қалған Вагнер Лав дубль авторы атанды. Жасы келіп қалған деген сылтаумен мәскеуліктер Лавты қатарға қайта қоспаған болатын. Салыстырмалы түрде Чалов, Рондон, Гайч сынды ойыншылардан анағұрлым жақсы доп тебеді, - деп жазады басылым.

Қос ұжым арасындағы қарымта кездесу 26 тамызда Алматының "Орталық" стадионында өтеді. Еске салайық, Вагнер Лав өткен жылдан бері "Қайрат" сапында доп теуіп келеді. Биыл 37 жастағы шабуылшы ішкі біріншілікте 17 матчта 3 гол соққан. Еурокубок кездесулерінде 7 матч өткізіп, 4 рет қанжығасы майланды. Сонымен қатар, 1 мәрте әріптестеріне гол соғатын мүмкіндік жасады.   

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: