Футбол
14 қаңтар 2019 17:38
 
Оқыстан болды. Бас бапкердің көмекшісі Сейдахметті жарақаттағысы келмеді - ҚФФ

  Пікірлер

blog.share

Оқыстан болды. Бас бапкердің көмекшісі Сейдахметті жарақаттағысы келмеді - ҚФФ Еркебұлан Сейдахмет. Vesti.kz©

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) "Монтажник" клубының бапкері Георгий Хутидиге жауап қайырды. Оның тәрбиеленушісі Еркебұлан Сейдахмет қарашада Қазақстан құрамасы сапындағы жаттығуда жарақат алған болатын.

ҚФФ Сейдахмет бас бапкердің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетовпен соқығысқан сәтте жарақаттанғанын растады. Мәлімдемеде қақтығысу абайсызда болғаны аталып өткен. 

Осыдан кейін Сейдахмет Германияда операция жасату керек болды. Қарашада футболшының сауығуына үш ай қжет екені хабарланған болатын. 

"Белгілі әрі сыйлы бапкер Георгий Хутиди отандық БАҚ бетінде Ұлттық құрама мүшесі Еркебұлан Сейдахметтің жарақатына байланысты өз ойын айтты. Біз Георгий Хутидидің пікіріне түсіністікпен қараймыз, ол Сейдахмет сияқты талантты тәрбиелеуге көп уақыт пен еңбек сіңірген бапкер. 

Ұлттар лигасындағы Латвиямен ойынға дайындық кезінде Ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетовте қасақана ой болған жоқ. Бұл оқыстан болды. Қазір Еркебұлан сауығып келеді және карьерасына еш қауіп жоқ. 

Футбол бұл контакт бар спот түрі, сондықтан ешбір футболшы жарақаттан қорғалған емес. Өз өмірін футболға арнаған Георгий Хутиди сияқты адам мұны түсінуі қажет. Оның үстіне Нұрдәулетов Қазақстан құрамасы үшін 35 матч өткізді және бірнеше рет капитан ретінде құрама намысын қорғаған. Сондықтан ол бапкерлер штабының мүшесі ретінде халықаралық аренада ел намысын қорғайтын әрбір футболшы үшін жанкүйер. 

Еркебұланға тезірек сауығуын тілеп, оның жақын арада құрама сапында көрінуіне тілектеспіз", - делінген федерацияның ресми сайтында. 

Жарнама

Живи спортом!