auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Оқыс сәт. "Қайрат" футболшысы төрешіні теуіп құлатты

Оқыс сәт. "Қайрат" футболшысы төрешіні теуіп құлатты
©Видеодан скрин

Футболдан Қазақстан премьер лигасы басталды. І турдағы "Қайрат" пен "Атырау" арасындағы ойында футболшы мен төреші байқаусызда қақтығысып қалып, алаң иелері үшін гол соғуға оңтайлы сәт жүзеге аспай қалды.

Бірінші тайм аяқталар тұста алматылық клуб шабуыл ұйымдастырған. "Атырау" қақпашысы Егор Хаткевич допты қайтарғанмен, өзі қақпадан алға шығып кеткен. Бұл мүмкіндікті "Қайрат" ойыншысы Жоао Пауло ұтымды пайдаланып, гол соғуға ұмтылған. Алайда бас төреші Артем Кучин де осы арада болып, екеуі соқтығысып қалды. Нәтижесінде гол соғылмады, ойын "Атыраудың" шабуылымен жалғасып кетті.

Ойындағы бұл сәт алматылық клуб жанкүйерлеріне ұнамағаны анық. Матч соңынан команданың бас жаттықтырушысы Кирил Кекер эмоцияға беріліп, артық сөз айтудан аулақ болуды жөн санайтынын айтты.

"Қайта келмейтін сәт жайлы пікір айтқаннан пайда жоқ. Мұндай жағдайда Кучин не істеу керек еді? Оны мен білмеймін, бізде төреші жұмысына баға беретін мықты мамандар бар, солар айтар. Мен қазір эмоцияға беріліп, артық айтқым келмейді", - деді Кекер баспасөз жиынында.

Айта кетейік, ойында "Қайрат" 2:0 есебімен алға шыққан. Кездесу аяқталғанға дейін "Атырау" командасы есепті теңестіріп, 1 ұпай еншілеп қайтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама