Футбол
25 маусым 2020 17:08

Оқушының сенсациясы. 16 жастағы футболшы команданы Кубок финалына жеткізді

Сурет: footclub.com.ua
"Ворскла" футбол клубы Украина кубогының финалына шықты, ал бұл кездесуде қақпашы болған мектеп оқушысы нағыз қаһарман атанды. 

"Мариуполь" командасымен ойынның негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды, осыдан кейін жеңімпазды пенальти арқылы анықтау қажет болды. Осы сәтте "Ворскланың" бапкерлер штабы негізгі голкипер Дмитрий Резниканы 16 жастағы Павел Исенкоға алмастырды.

Алаңға алғаш шыққан жас голкипер Андрей Кулаков, Данил Игнатенко мен Виктор Корниенко соққыларынан қақпасын аман алып қалды. Осылайша, оның командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.



Ойыннан кейін командаластары жас қақпашыны шын жүректен құттықтады. 



Финалға шыққан екінші команда киевтік "Динамо" болды. "Ворскла" өз тарихында Кубок финалында екінші рет ойнайды. 2009 жылы олар "Шахтерді" ұтқан еді.