"Өкінемін". Айбол Әбікен Ресей құрамасынан жеңілу туралы

10 қыркүйек 2019 17:49
© championat.com
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Еуро-2020 іріктеуіндегі Ресейге қарсы ойыны туралы пікірін білдірді.

Еске салайық, Калининградта өткен матч 1:0 есебімен Ресейдің пайдасына аяқталды. Марио Фернандес 89-ші минутта гол соқты.

- Айбол, басында қобалжығаның білініп тұрды, ойын басында бір он минуттай...

- Иә, қобалжу болды. Келесі ойында мұндай қателіктер жасамауға тырысамын. Бас бапкерге алғыс айтам, алаңға шығарды. 

- Иә, Михал Билек баспасөз мәслихатында сіздің ойыныңызға риза екенін айтты, бірақ, 90-шы минутта не болды?

- Стандартты жағдай. Өкінемін. Бірақ бұл - футбол. Бәрі болады. Калининградқа келіп, қолдау білдірген жанкүйерлерге рахмет.