"Оқжетпес" сербиялық форвардты сапына қосты

© Football.By
Көкшетаулық "Окжетпес" 28 жастағы сербиялық шабуылшы Марко Обрадовичпен келісімшарт жасасқаны туралы хабарлады.

Футболшымен еңбек келісім 2020 жылдың соңына дейін қарастырылған.

Обрадович карьерасын 2009 жылы бельгиялық "Эйпен" клубында бастаған. Одан кейін ол "РФК Серен" (Бельгия), "Радник" (Босния және Герцеговина), "Ақтөбе", "Енисей" (Ресей) және "Торпедо-БелАЗ" (Беларусь) командалары үшін ойнаған.

2019 жылғы маусымда форвард жодинолық команда үшін жоғары лигада 21 матч өкізіп, 5 гол салды және бір нәтижелі пас берді. 

Ал "Ақтөбе" үшін 27 жастағы Обрадович ҚПЛ-дің 2017 жылғы маусымындағы 14 матчте екі гол соғып, бір ассист жасады.