Оқиғаның видеосы. Қақпашыға соғылған футболшы омыртқа жұлынын үзді

Сурет: eurosport

Португалия Примерасының 17-ші турында екі футболшы бір-біріне қатты соқтығып ауыр жарақат алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға ойынның соңғы минуттарында болды. "Белененсеш" қақпашысы Станислав Крицюк допты қағып алмақ болып жүгіргенде "Порту" қорғаушысы Нануға соқтығысады. Нану бірден есінен танып қалады да, жедел жәрдем алаңға шығу керек боғлан. Он минут үзілістен кейін матч қайта жалғасып, ешкім есеп ашпай, тең аяқталды. Крицюкке көмек қажет болған жоқ, ол ойынды жалғастыра алды. 

Кейін "Порту" өкілдері Нану бас миы шайқалғаны және омыртқа жұлынын жарақаттағанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар