"Ньюкаслдың" бас бапкері Стив Брюс қызметінен кетті

©getty images

"Ньюкаслдың" бас бапкері міндетін атқарған Стив Брюс қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешімді бапкер мен клуб басшылары ақылдаса отырып қабылдаған. Енді команданы уақытша Грэм Джонс жаттықтырады.

Осыған дейін "сауысқандарды" Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес, "Рома" мен "Шахтердің" экс-бапкері Паулу Фонсека, "Рейнджерс" бапкері Стивен Джеррард және испаниялық Унаи Эмерилер жаттықтыруы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Еске салайық, қазан айының алғашқы аптасында "Ньюкасл" клубын 300 млн фунт стерлингке Сауд Арабия басшылығының мемлекеттік инвестиция фонды сатып алған еді. Әзірге ағылшындық ұжым ішкі біріншілікте 8 турдың қорытындысы бойынша 3 ұпай еншілеп, турнир кестесінің түбінде келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: