1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:25
 

"Ньюкаслды" талқандап тастаған "Барселона" ЧЛ-дің 1/4 финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

"Ньюкаслды" талқандап тастаған "Барселона" ЧЛ-дің 1/4 финалына өтті ©x.com/FCBarcelona

"Барселона" Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчта "Ньюкаслды" ірі есеппен ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселона" Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчта "Ньюкаслды" ірі есеппен ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталониялық клуб матчтың алғашқы минуттарынан-ақ алға шықты - 6-минутта Рафинья есеп ашты. Алайда қонақтар тез жауап қайтарды: 15-минутта Энтони Эланга таразы басын теңестірді. Бірақ "Барселонаны" 18-минутта Марк Берналь есепте қайта алға шығарды.

Тайм ортасында мәжбүрлі алмастыру болды: Рональд Араухо Эрик Гарсияның орнына шықты. Соған қарамастан ойын қарқыны бәсеңдеген жоқ - 28-минутта Эланга дубль жасап, есепті қайта теңестірді. Ал қосымша уақытта Ламин Ямаль пенальтиді мүлтіксіз орындап, командалар үзіліске 3:2 есебімен кетті.

Үзілістен кейін "Барселона" матч тағдырын толық шешті. 52-минутта Фермин Лопес есеп айырмасын ұлғайтты. Артынша Роберт Левандовскидің шоуы басталды - поляк шабуылшысы 56-минутта гол соғып, 61-минутта дубль авторы атанды. 72-минутта Рафинья тағы бір мәрте мергендік танытып, есепті ірі жеңіске жеткізді.

Кездесу соңында алаң иелері қақпашысынан айырылды - Жоан Гарсия жарақат алып, оның орнына Войцех Щенсны шықты.

Алғашқы матчтағы 1:1 есебін ескерсек, "Барселона" қос ойын қорытындысы бойынша 8:3 нәтижесімен сенімді түрде келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұған дейін плей-офф кезеңінде "Ньюкасл" "Карабахты" екі матч қорытындысы бойынша 9:3 есебімен ұтқан болатын.

Жалпы кезеңде каталониялықтар 16 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орын алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!