Футбол
Бүгін 10:20

Нью-Джерсидегі финал. ФИФА Аргентина- Испания мачтіне қатысты шешімін жариялады

©

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалда қызмет көрсететін төрешілер бригадасын тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші кездесудің бас төрешісі болып словениялық Славко Винчич тағайындалды.

Оған отандастары Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич көмекшілік етеді. Төртінші төреші міндетін иорданиялық Адхам Махадме атқарса, қосалқы төреші ретінде оның жерлесі Мохаммад әл-Қалаф белгіленіп отыр.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде Нью-Джерси қаласындағы стадионда өтеді. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады.

46 жастағы Славко Винчич 2010 жылдан бері ФИФА төрешісі саналады. Ол Еуро-2020, Еуро-2024 және 2022 жылғы Қатарда өткен әлем чемпионатының матчтарына төрелік еткен.

Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Винчич Бразилия – Марокко (1:1) және Иордания – Алжир (1:2) арасындағы топтық кезең ойындарына, сондай-ақ Мексика – Эквадор (2:0) арасындағы 1/16 финал кездесуіне бас төреші болды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport