Нұркен Мәзбаев "Тараз" клубының бас бапкері атанды

©magnolia

Белгілі отандық маман Нұркен Мәзбаев "Тараз" клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

"Нұркен Мәзбаев – "Тараз" клубының жаңа бас бапкері! Ойыншы кезінде туған командасының сапында Қазақстан чемпионы және Қазақстан Кубогін иеленген", - делінген клубтың ресми инстаграм парақшасында.

Еске салайық, Нұркен Мәзбаев спорттық карьреасында 1996 жылы "Тараз" және 2000 жылы "Жеңіс" сапында ел чемпионы атанды. Ұлттық құрамада 13 матчта 2 гол соқты. Бапкер ретінде 2018 жылы "Тараз" командасымен Бірінші лигада екінші орын иеленіп, келесі маусымда жамбылдықтар Премьер-пигада өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: